Дзюдодан Қазақстан командасы Ұлан-Батырдағы Grand Slam сериясы турнирінің бастапқы күнінде медальсыз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі үшінші орын үшін жарыста Нұрқанат Серікбаев Харим Лиден (Оңтүстік Корея) жеңіліп қалды.
Сондай-ақ, "қола" үшін күресте Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін) жеңіліске ұшырады. Ол Катарина Костадан (Португалия) жеңілді. Турнирде барлығы 17 қазақстандық өнер көрсетеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу