Қазақстандықтар "Хабар" мен Qazaqstan арнасын қаржыландыруға дайын ба?

633

Министр қоғамдық телевизия туралы сауалға жауап берді. 

Қазақстандықтар "Хабар" мен Qazaqstan арнасын қаржыландыруға дайын ба?

Мәжіліс кулуарларында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров "Хабар" мен Qazaqstan телеарналарын қоғамдық телерадиокорпорацияға айналдыру туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Польшада халық қоғамдық телехабар тарату үшін ақы төлегісі келмеді. Сонда олар жиналған салықтың біраз бөлігін қоғамдық телеарнаға жұмсау сынды шешім тапты. Әдістің өзі қаншалықты сәтті болды, есімде жоқ. Негізінде бұл мәселе жиі талқыланады. Бірақ бұл ретте ең маңызды сұрақ туындайды. Яғни бұл жағдайда оны кім қаржыландырады? Жалпы қоғамдық телеарнаны қоғам қаржыландырады. Ал бүгінде қоғам телеарналар үшін ақша төлеуге дайын ба? Мен сізге жауап бере алмаймын", – деді министр.

Сондай-ақ тілшілер министрге "егер халық Qazaqstan мен "Хабар" телеарналары үшін ақша төлеуге дайын болмаса, жалпы олар бізге керек пе?" деген сауал қойды. 

"Мәселе, олардың төлеуге дайын еместігінде және көргісі келмейтіндігінде емес. Олар көргісі келеді, бірақ ақша төлеуге дайын емес. Менің ойымша, цифрлық телевизияның дамуымен міндетті пакет соншалықты өзекті болмайды. Қазір бізде міндетті пакет тегін және онда тек отандық арналар бар. Бір шешімге келерміз. Мүмкін бір тұста мемлекет қоғамдық телеарнаны субсидиялауға мәжбүр болады. Бұл мәселені әлі талқылау керек", – деп түйіндеді сөзін министр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу