2021 жылғы қаңтар-қарашада халықаралық ақша аударым жүйесі арқылы Қазақстанға 61,5 млрд теңге аударылған, бір жылда плюс 34,4%, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған кезеңде транзакциялар саны 3,7% немесе 548,9 мыңға дейін өскен. Бұл бір аударымның орташа чегін өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 112,1 мың теңгеге немесе 29,6%-ға арттырған.
Қазақстанда халықаралық ақша аударым жүйесі арқылы қаражат аударудың көлемі екініші жыл қатарынан өсіп келеді. Бұл қазақстандықтар аталған қызметті жиі пайдалана бастағанын көрсетеді.
2021 жылғы қаңтар-қарашада елде қаражаттың ең көп көлемі "Золотая Корона" ақша аударым жүйесі арқылы аударылды: 14,6 млрд теңге, оның саладағы үлесі – 23,7%. Кейін тізімде Western Union тұр. Оның үлесі – 3,2%, жүйе арқылы аударылған қаражаттың көлемі – 2 млрд теңге.
"Юнистрим" және Сontact жүйелерің үлесі – 72,1%, олар арқылы 44,3 млрд теңге аударылды.
Транзакциялар саны бойынша көшбасында Western Union (17,4 мың), кейін "Золотая Корона" (16,2 мың), "Юнистрим" (3,3 мың) және Contact (0,01 мың) тұр. Бұл ретте Қазақстандағы транзакциялардың 93,4%-ы басқа халықаралық ақша аударым жүйесінің үлесінде.
Елде танымал халықаралық ақша аударым жүйесіндегі орташа чек 114,3 мың теңгеден (Western Union) 10,9 млн теңге (Contact) аралығында. "Золотая Корона" жүйесінде бір аударымның орташа чегі 898,7 мың теңге, "Юнистримде" – 153,5 мың теңге, ал басқа жүйелерде 86,5 мың теңге.
Дәурен Ерболат