Қазақстандықтар интернет арқылы көбінесе қандай тауарлар сатып алады?

446

Ең көп сұранысқа ие заттардың тізімі жасалды. 

Қазақстандықтар интернет арқылы көбінесе қандай тауарлар сатып алады?

Оның ішінде бірінші орында телефондар тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Олардың жалпы сатылымы 2021 жылы 91,6 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 90,4%-ға артық. Барлық транзакциялардың жартысынан көбі – 48,8 млрд теңге алматылық компанияларға тиесілі. 

Екінші орында тұрмыстық техника. Олардың сатылымы 2020 жылмен салыстырғанда  2 еседен астам өсті (29,5 млрд теңгеден 60,9 млрд теңгеге дейін). Тұрмыстық электр тауарларын сатудың ең көп көлемі Шымкентте тіркелді (22,2 млрд теңге).

Үшінші орында косметика және дәретханаға арналған заттар (41,5 млрд теңгеден 60,9 млрд теңгеге дейін өсті). Транзакциялардың барлығы дерлік Алматы қаласында жасалды. 

Бұл ретте қазақстандықтар интернеттен кеңсе тауарларын (61,2 млрд теңгеден 2,6 млрд теңгеге дейін азаю), аяқ киім (15,1 млрд теңгеден 2,2 млрд теңгеге) және киім (16,4 млрд теңгеден 10,5 млрд теңгеге дейін) әлдеқайда аз сатып ала бастады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу