Қазақстандықтар ипотекалық несиені көптеп ала бастады

358

Несие сомасы 42,5%-ға ұлғайды.  

Қазақстандықтар ипотекалық несиені көптеп ала бастады Фото: Крыша

Жыл басынан бері нарықтық шарттарда 498,2 млрд теңгеге ипотекалық кредиттер берілді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша отандық банк секторында екінші деңгейдегі 21 банк бар. Оның ішінде 11 банк шетелдік қатысумен, 8-і – еншілес банктер. Банк секторының активтері қыркүйекте 0,5%-ға немесе 268 млрд теңгеге ұлғайып, 58,1 трлн теңге болды. 

Халыққа берілген несиелер осы жылғы қыркүйекте 1,5%-ға ұлғайып, 19,5 трлн теңгені құрады. Банктердің бөлшек портфелінің құрылымында тұтынушылық қарыздар 1,6%-ға 12,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

"2024 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша банктердің ипотекалық портфелі 5,8 трлн теңгеге дейін 1,2%-ға өсті. Бұл ретте 2024  жылдың 9 айында жаңа ипотекалық қарыздар беру шамамен 1,4 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,0%-ға артық. Жаңа ипотекалық кредиттерді беру құрылымында нарықтық кредиттеудің оң серпіні жалғасуда. Жыл басынан бері нарықтық шарттарда 498,2 млрд теңгеге ипотекалық кредиттер берілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 42,5%-ға артық. Бұл ретте жеңілдікті ипотекалық кредиттер 875,8 млрд теңгеге берілді",  – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу