Қазақстандықтар қай әлеуметтік желіні жиі пайдаланады?

1386

2021 жылдың қаңтарында танымал әлеуметтік желілердің рейтингісі жарияланды.

Қазақстандықтар қай әлеуметтік желіні жиі пайдаланады?

Facebook әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Statcounter Global Stats мәліметінше, әлемдегі ең танымал әлеуметтік желілердің көшбасшысы – Facebook. Оның нарықтағы үлесі – 69,8%. Одан кейінгі орындарда Pinterest (11,9%), Twitter (9,5%), YouTube (4,9%) Instagram (2,6%) тұр.

Ал Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі – Pinterest (32,7%). 

Үздік бестікке YouTube (20,4%), ВКонтакте (14,9%), Facebook (13,5%) және Twitter (11,3%) енді.

Елімізде дербес компьютер, ноутбук және моноблок иелері Pinterest, YouTube және ВКонтакте әлеуметтік желілерін жиі пайдаланады. Планшет пайдаланушылары Pinterest, Facebook және YouTube-ке жиі кіреді.

Сонымен қатар смартфон иелері де осы аталған 3 әлеуметтік желіні пайданалады. Бұл тізімде YouTube Марк Цукербергтің желісін басып озып, екінші орынға көтерілген.

Play Market қосымшалар дүкенінің мәліметінше, әлем бойынша Pinterest қолданушылары желіні 4,6 деп бағалаған. Жоғары балл – 5. Кейін YouTube және Twitter – 4,2, Facebook – 4,1, ВКонтакте – 3,4.

Айта кетейік, байланыс қызметінсіз әлеуметтік желілерге кіру мүмкін емес. 

2021 жылдың қаңтарында елімізде байланыс қызметі өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 1,7%-ға қымбаттады. Оның ішінде интернет желісіне абоненттік төлем 2,1%-ға, кабельді телевизия қызметі – 2,4%-ға, ұялы байланыс қызметі – 1,5%-ға өсті. Тек стационарлы телефон үшін абоненттік төлем өзгерген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу