Қазақстандықтар қаладағы қоқыс, шұрық-тесік жол немесе істемейтін көше шамы туралы бір фото арқылы хабарлай алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Чат-бот 2024 жылғы маусымнан бері жұмыс істейді. Ол тұрғындарға қалалық ортадағы мәселелерді жедел хабарлап, оларды шешуге ықпал етуге мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, заңсыз қоқыс үйінділері, толып кеткен контейнерлер, істен шыққан көше шамдары, бүлінген жолдар және абаттандыруға қатысты басқа да кемшіліктер туралы өтініш қалдыруға болады.
Ол үшін мәселенің фотосуретін тіркеп, орналасқан жерін көрсетіп, қысқаша сипаттама жазу жеткілікті. Түскен өтініштер тиісті шаралар қабылдау үшін жауапты мемлекеттік органдарға жіберіледі.
Чат-бот іске қосылғалы бері 24 мыңнан астам өтініш қабылданған. Оның 22 мыңнан астамы орындалып, жалпы өтініштердің 91,8%-ын құрады.
TazaQazBot тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтып, қалалардың тазалығы мен инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.