Қазақстандықтар қан айналымы жүйесі ауруларынан жиі көз жұмады

570

Елімізде бір жылда өлім-жітім 26 пайызға төмендеді. 

 Қазақстандықтар қан айналымы жүйесі ауруларынан жиі көз жұмады Фото: Егемен Қазақстан

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың 12 айында Қазақстанда 134,7 мың адам көз жұмды. Бұл 2021 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда төрттен бір есе аз, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, республика тұрғындары қан айналымы жүйесі ауруларынан жиі қайтыс болады. 2022 жылы олардың жалпы өлім статистикасындағы үлесі 22,6%-ды құрады.

Одан кейінгі орында қатерлі ісік және басқа да жаңадан пайда болатын өскін аурулары тұр (10,3%). Бұдан басқа өлім-жітімге тыныс жолдары аурулары да себеп болатын көрінеді (9,7%).

Ұлттық статистика бюросының деректері өлім-жітім себептері бойынша аурулардың халықаралық жіктемесі бойынша аурулардың ірі топтарын ғана қамтиды. Ресурстың жазуынша, оларға елдегі барлық өлім-жітімнің шамамен 60%-ы ғана кіреді. Қалғандарының себептері (40,1%) ресми статистикада нақтыланбаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу