Қазақстандықтар қандай азық-түлікті көбірек тұтынады?

570

Ел тұрғындары әсіресе, етке және ет өнімдеріне көп ақша жұмсайды екен.  

Қазақстандықтар қандай азық-түлікті көбірек тұтынады? Фото: inbusiness.kz

Қазақстандықтардың тұтынушылық шығындарында азық-түлік үлесі 50,8% құрайды. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП талдау қызметі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

Сарапшылар қазақстандықтардың әсіресе, етке және ет өнімдеріне көп ақша (17%) жұмсайтынын атап өтті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтар мына азық-түлік түрлерін көп тұтынған:

  • сүт өнімдері (тоқсанына орта есеппен жан басына шаққанда 56,3 кг);
  • нан өнімдері және жарма өнімдері (31,7 кг);
  • жемістер (26 кг);
  • көкөністер (22 кг);
  • ет және ет өнімдері (19,3 кг).

"Халықтың аз қамтылған бөлігі ауқатты тұрғындармен салыстырғанда, балық пен теңіз өнімдерін 4,5 есеге, ет пен ет өнімдерін 3,5 есеге, сүт пен сүт өнімдерін 3,4 есеге аз тұтынады", - дейді мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу