Ең көп сатылатын брендтердің ТОП-5-і Apple (43%-дан астам), Samsung (29%-дан астам), Xiaomi (10%-дан астам), Huawei (5%-дан астам) және Nokia (сәйкесінше 1%-дан сәл артық) нарықтағы сөзсіз көшбасшылықты сақтап қалды. Сонымен бірге Apple және Xiaomi өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нарықтағы үлестерін сақтап, көбейтті. Ал Samsung, Huawei және Nokia сатылым динамикасын сақтағанымен, үлесін аздап жоғалтты.
Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерге сәйкес, Samsung, Huawei және Nokia-ның үлесі орта есеппен 1,5%-ға, басқа брендтердің сату үлесі 7%-дан асты. Аталған брендтердің үлестерінің едәуір бөлігі iPhone-ға кеткен болуы мүмкін.
2020 жылғы аналитика көрсеткендей, қараша-желтоқсан айларында жаңа жылдық мерекелер қарсаңында сатылған смартфондар саны жыл қорытындысы бойынша жалпы сатылымның 30%-ды құрады.
Осылайша, жаңа 2022 жыл қарсаңында қазақстандықтар сервистен 350 000 ұялы телефон сатып алады деп болжауға болады.