Қазақстандықтар қара нанды көбірек тұтынатын болды

138

Бұрын қарабидай өніміне сұраныс жоғары емес еді.  

Қазақстандықтар қара нанды көбірек тұтынатын болды Фото: anamenbala

IV тоқсанда қарабидай мен қарабидай-бидай нанын тұтыну жан басына шаққанда орташа есеппен 856 г құрады. Үш айда ол 13%-ға, бір жылда 16%-ға өсті. Қазір мөлшері бойынша 14 жылдағы үшінші көрсеткіш, деп жазады inbusiness.kz сайты стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне сілтеме жасап.

Жалпы қарабидай нанын тұтыну динамикасына құбылмалылық тән екенін есте ұстаған жөн, бұған қоса ол соңғы жеті жылдың көкжиегінде айқын көрінеді (графикті қараңыз). 

Қалай болғанда да, 2018-2024 жылдардағы орташа тоқсандық деңгей (757 г) алдыңғы жеті жылдағы осындай көрсеткіштен (641 г) 18%-ға жоғары. Бұл  тұтынудың өсу тенденциясын білдіруі мүмкін.

856 г  бұл, шын мәнінде, онша көп емес, екі бөлке. Алайда барлық қазақстандықтар қарабидай нанын тамаққа тұтына бермейтінін ескеру керек, ал аталған мәннің есептеулеріне елдің барлық тұрғындары кіреді. Мәселен, қала тұрғындарының рационында қарабидай наны ауыл тұрғындарына қарағанда әлдеқайда көп. Біз үш есе айырмашылық туралы айтып отырмыз – 1 141 г және 379 г.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу