Шекара аспақ болсаң берешегіңді беріп кет! Келер айдан бастап елімізде қарызы бар азаматтар үшін арнайы онлайн қызмет іске қосылады. Бұл жүйе мемлекет алдында қарызы болып, шет елге шыға алмай қалғандар үшін тиімді болмақ. Мұндай ақпарды Үкімет отырысында "Азаматтарға арналған үкіметтің" басшысы мәлімдеді. Аблайхан Оспановтың айтуынша көптеген азаматтар өздерінің қарызы бар жоғын біле бермейді екен. Ал өзге мемлекетке шығар сәтте , оларды берешегі бар болғаны үшін әуе рейстерінен жиі түсіріп жатады. Жаңа жүйе жағдайды жөнге келтірмек. Енді азаматтар қарыздарын тура әуежайда өтеп, жолдарынан кешікпей, қалаған елге ұша берулеріне болады.
Аблайхан Оспанов, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басқарма төрағасы
Әділет министрлігі және Қазпошта АҚ бірігіп осы мәселені мықтап қолға алуда. Маусым айынан бастап бұл қызмет іске қосылады. Яғни әрбір азамат оған салынған айыппұлдарын тура әуежайда өтеп еш кедергісіз жүре беруіне болады. Оған көп уақытта кетпейді.