Қазақстандықтар қаржы пирамидасынан жалған акциялар сатып алған

757

400-ге жуық адам алаяқтарға 100 мың доллардан аса қаражат аударып жіберген. 

Қазақстандықтар қаржы пирамидасынан жалған акциялар сатып алған

Қазақстандықтар тағы бір қаржы пирамидасының құрбаны болды, деп хабарлайды Аtameken Business.

400-ге жуық адам Pepsi, Nike, Microsoft, Ford пен BMW-ның жалған акцияларын сатқан алаяқтарға 100 мың доллардан аса қаражат аударып жіберген.

Шетелдік Unique Finance компаниясының атын жамылған олар қылмыстық схемаларын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Оралда жүргізген. Анықталғандай, әзірге күдіктілер саны – үшеу. Екеуі – Тәжікстан азаматы. Олардың біреуі қамауға алынды, тағы бірі кепілдікпен босатылған, тағы бірі іздеуде жүр.

Айта кету керек, олар Қазақстаннан бөлек Өзбекстан мен Тәжікстанда алаяқтықпен айналысқан.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу