Қазақстандықтар қашан 24 млн болады

780

Оңтүстік өңірлерде орналасудың тығыздығы солтүстік өңірге қарағанда төрт есе жоғары болады деп күтілуде. 

Қазақстандықтар қашан 24 млн болады

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 2050 жылы Қазақстанда қанша адам тұратынын айтты, деп хабарлайды  LS.

Ұлттық сарапшылар жүргізген болжам бағалауына сәйкес, 2050 жылы қазақстандықтардың саны 24,5 млн болады. Министрлік қазіргі тенденция сақталатын болса, солтүстік өңір адамдары 900 мыңға қысқаратынын, ал оңтүстік өңір 5,3 млн адамға өсетінін болжап отыр.

"Оңтүстік өңірлердің орналасу тығыздығы солтүстікке қарағанда төрт есе жоғары болады. Тап осы жағдай облыстардағы еңбек нарығына әсер ететін болады", – деді еңбек министрлігі.

Сонымен қатар ведомство жұмыс күші артылып отырған өңірлерді де атады. Олар – Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары. Сол себепті министрлік қазақстандықтарды жұмыс күші артық облыстардан жұмыс күші тапшы өңірлерге  қарай жұмылдыруды ынталандыру бойынша шараларды қарастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу