Қазақстандықтар осы аптада қатарынан төрт күн демалады. 7 және 9 мамыр мерекелік күндер. Жеңіс мейрамы сенбіге түскендіктен мерекелік демалыс 8 мамырға ауысады.
11 мамырда елімізде төтенше жағдай аяқталады деп күтілуде. Пандемия қайта күшеймесе ұзақ уақыт үйде отырған отандастарымызды толық жұмыс аптасы күтіп тұр. Жалпы алғанда мамыр айында қазақстандықтар 13 күн демалады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу