2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың саны 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға өсіп, 180,9 мыңға жетті.
Аталған отбасыларда 1 млн адам тұрды, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,9%-ға көп.
Салыстырар болсақ, 2021 жылы осы кезеңде елде табысы төмен 173,2 мың шаңырақ (-7,5%) болған. Биылғы жылдың көрсеткіштері алдыңғы көрсеткіштен жоғары, бірақ 2020 жылғы "корона дағдарысының" сәйкес кезеңінде тіркелген ең жоғары мәннен төмен (187,2 мың отбасы).
2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша, еліміздегі 3,6 мың шаңырақтың (- 62,7%) табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болды.
Аймақтық тұрғыда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз отбасылардың ең көп саны Түркістан облысында тіркелді. Олардың жалпы саны 25,4 мыңды құрады, бір жылда көрсеткіш 1% төмендеді. Сондай-ақ облыста кедейлік шегінен төмен тұратын ең көп халық тіркелді: 191,1 мың адам.
Үздік бестікке сондай-ақ Алматы (15,9 мың отбасы, -3,1%), Шымкент (14,6 мың отбасы, + 26%), Маңғыстау (12,9 мың отбасы, + 21,3%) және Ақмола (12,6 мың отбасы, + 28,7%) кірді.
Сонымен қатар халқының табысы аз өңірлер қатарында Ұлытау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары бар.