Қазақстандықтар киіктерді атуға рұқсат беру туралы петиция жариялады

691

Петицияны құрушылар Қостанай, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан өңірлеріндегі киік санының күрт артқанын алға тартып отыр.      

Қазақстандықтар киіктерді атуға рұқсат беру туралы петиция жариялады Фото: kt.kz

Қазақстанда азаматтар киік атуға рұқсат беруді талап етіп, арнайы петиция құрды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Петиция авторларының пікірінше, киіктер өте жылдам көбейеді. Бұл жануарлар тіршілік ететін аумақ еліміздің агросекторы жалпы өңірлік өнімнің үштен бірін құрайтын ауыл шаруашылығы бағытындағы облыстар болып саналады. Егістікті таптап шаруаларға келтірген шығын көлемі нақты емес.

– Біздің өтінішімізді дұрыс түсінгендеріңізді қалаймыз: біз табиғи фаунаны жоюға қарсымыз. Қазақстанда осындай сирек кездесетін жануар түрінің сақталғанын мақтан тұтамыз. Біз тек азық-түлік дақылдары егілген егістіктерден оларды үркітіп, жайылымдарды ұсынып, оларды сол жерге бағыттауды қолдаймыз, – делінген петиция мәтінінде.

Петиция авторлары үкіметтен мына мәселелерді қарастыруды сұрайды:

  • Киік аулауға салынған мораторийді алып тастау, нақты лимит пен ережелерді белгілеу;
  • Ұлттық аңшылық түрін (таза тұқымды тазы иттермен) заңдастыру және тек еркек киіктер мен биылғы төлдерді атуға рұқсат беру мүмкіндігін қарастыру.

Петицияның толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу