Саясаттанушы Антон Морозовтың айтуынша, Қазақстанның әрбір жиырмасыншы азаматы ғана күнде қағаз кітаппен уақыт өткізеді, ал әрбір оныншы респондент аптасына бірнеше рет кітап оқиды.
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты өкілі: "Пандемия жағдайында өмір сүріп жатқан кезде кітаптың күшін оқшауланумен күресу, адамдар арасындағы байланысты нығайту, көкжиектерді кеңейту және интеллект пен шығармашылықты ынталандыру үшін пайдаланған дұрыс", – деп есептейді.
Оның айтуынша, Ресей посткеңестік кеңістікте бірқатар көрсеткіштер бойынша (әдебиет шығару, оқу деңгейі және т.б.) көшбасшы болып қала береді. Қазақстан бұл жағынан артта келеді.