Қазақстандықтар қоғамдық көліктерден бас тарта бастады

879

Елімізде автобуспен жүретін жолаушылар саны 2%-ға қысқарып, жалдамалы көлік түрін таңдағандар 22%-ға артқан. 

Қазақстандықтар қоғамдық көліктерден бас тарта бастады

Қазіргі кезде еліміздің ең ірі мегаполисі Алматының автобус паркін 4 есе ұлғайту жоспарлануда. Мәселен, жуырда жолушыларға FalconEurobus зауыты құрастырған made in Almaty электр автобустары қызмет көрсете бастайды. Одан бөлек, Алматыға жыл соңына дейін Қытайдан екі жүз жаңа автобус жеткізіледі. Бұл туралы жуырда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтқан болатын.

"Биыл біз Қытайдан 200 автобус  аламыз. Қоғамдық көлік жиі жүретін болады. Автобус аралықтарын 10-15 минутқа дейін қысқарту керек. Сонда біз қоғамдық көлік жетіспеушілігін түбегейлі шешеміз", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Жолаушылар тасымалына байланысты берілген соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 2019 жылдың мамыр айының соңында қоғамдық көлік қызметін 9,4 млрд жолаушы пайдаланған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға жоғары. Қоғамдық көліктердің ішінде қазақстандықтар ең жиі пайдаланылатын қоғамдық көлік – автобус қызметі. Аталмыш көлік түрін 7,1 млрд жолаушы таңдаған. Бұл бір жыл бұрынғы деректермен салыстырғанда 2,2%-ға төмен.

Қазақстандықтар автобустан кейін, такси қызметін жиі пайдаланатын болып шықты. Өткен жылдың мамырымен салыстырғанда жалдамалы көлік түрін таңдайтындар көрсеткіші 21,8%-ға артқан . Яғни, такси қызметін пайдаланғандардың жалпы саны 2,2 млрд-тан асты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу