Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов келешекте көлеңкелі аймақтан криптовалюта сатып алғандардың аты-жөні ашық жарияланатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бүгінгі таңда криптовалюта айналымының 5 пайызы ғана Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы орындалады. Қалған 95 пайызы көлеңкелі аймақта. Бұл шамамен 15 млрд доллардай. Аталған деректер халықаралық компаниялардың есебінен алынған. Былтыр сонда Қазақстан азаматтары көлеңкелі аймақта криптовалюта сатып алуға 15 млрд доллар жұмсаған. Мұны біз сыртқа актив шығару деп атап отырған жоқпыз. Бәлкім осыған дейін азаматтар алаңсыз инвестиция салу үшін нормативтік-құқықтық реттеу қажетті деңгейде болмаған шығар. Қазір ол тәсілдердің бәрі әзірленген деп айта аламыз", - деді ол.