Қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге "таза" жалақысының 12%-ын жұмсайды

620

Коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу қазақстандықтардың қалтасына айтарлықтай салмақ түсірмейді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге "таза" жалақысының 12%-ын жұмсайды

Numbeo сарапшыларының дерегінше негізгі коммуналдық қызметтерге: электр энергиясы, жылыту, сумен жабдықтау, қоқыс шығаруға ауданы 85 шаршы метр болатын пәтер үшін елімізде орта есеппен ай сайын 49,41 доллар (21 151 теңге, 1 доллар – 428 теңге) керек. 

ТМД елдерінің ішінде бұл үшінші көрсеткіш, ал әлем бойынша мониторингке енген 109 елдің арасында еліміз 21-орында тұр.

ТМД мемлекеттерінде ең арзан коммуналдық қызметтер Өзбекстанда (30,43 доллар немесе 13 026 теңге), ең қымбаты –Молдовада (119,46 доллар немесе 51 138 теңге).

Рейтингтегі барлық елдің ішінде ең төмен баға – Нигерияда (21,78 доллар немесе 9 323 теңге), ең жоғарысы – Германияда (263,45 доллар немесе 112 776 теңге).

Алайда басқа елдердегі баға коммуналдық қызметтердің қымбат екені туралы нақты ақпарат бермейді. Сондықтан коммуналдық қызметтердің ақысы әрбір елдегі тұрғынның қалтасына қаншалықты салмақ түсіретінін ескеру маңызды. Мысалы, Германияда коммуналдық қызметтер әлемдегі ең қымбат қызметтердің бірі болып саналады. Бірақ орташа жалақыға шаққанда нетто (салық төлегеннен кейінгі жалақы) 8,9% тең. Демек бұл жоғары көрсеткіш емес.

Нигерияда коммуналдық қызметтер бағасы арзан болғанына қарамастан бұл отбасылардың қалтасына айтарлықтай салмақ түсіреді. Себебі аталған қызметтер құнының орташа жалақыға қатынасы 12,2%. Осылайша, Германияда коммуналдық қызметтер қымбат болғанымен оны төлеу тұрғындар үшін қиындық тудырмайды.

ТМД елдері арасында Қазақстанда коммуналдық қызметтер құны мен "таза" жалақының ара қатынасы – 11,8%.

Молдова тұрғындары үшін коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу қиынға соғып отыр. Олар оған жалақысының 28,4% жұмсайды.

Украинада бұл көрсеткіш 22,7%, Арменияда – 19,7%, Ресейде – 17,1%. 

Осылайша, ТМД бойынша ең арзан коммуналдық қызметтер Өзбекстанда болса да, аталған қызметтердің ақысын төлеу қазақстандық отбасылардық қалтасына айтарлықтай салмақ түсірмейді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу