Ақпаратқа сәйкес, ол үшін қолданушыға компанияның/ұйымның сайтына, Instagram парақшасына, Vkontakte тобына немесе Telegram арнасына https://internet.zzz (com, ru, kz және т.б.) немесе интернет.zzz (com, ru, kz және т.б.) форматта сілтеме енгізу жеткілікті.
"Егер компанияда қаржы пирамидасының белгілері болса және бұл сілтеме "Кибернадзор" жүйесінің көмегімен бұғатталған болса, пайдаланушыға бұл туралы дереу хабарланады. Ал егер компания инвестициялық нарықтың адал субъектілері болып табылса, тиісті жауап талдау жұмыстарынан кейін жіберіледі. Сонымен қатар компанияның БСН арқылы да тексеруге болады. Іске қосудың бастапқы кезеңінде Telegram мессенджерінде бір аккаунттан тәулігіне 5 реттен артық сұрау жіберуге болмайды", - делінген хабарламада.
Былтыр Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларын ұйымдастыру фактісі бойынша 85 қылмыстық істі аяқтап, 29 қаржы пирамидасы жойылған болатын. 15 іс бойынша үкім шығарылып, 23 адам сотталды. Олардың барлығында дерлік қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың мүлкі тәркіленіп, нақты мерзімге (5 жылдан 6 жылға дейін) бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Telegram бот сілтемесі: https://t.me/BAIQApiramidaBOT
Бұғатталған сайттардың сілтемелері (тесттік сұрау жіберу үшін):
https://www.forexoptimum.com/ru
https://wexness.io/ru
http://www.baiquat.kz