Қазақстандықтар компьютерлік ойындарға 207 миллион доллар жұмсаған

986

 Мұндай мәліметті Newzoo компаниясы жариялады.

Қазақстандықтар компьютерлік ойындарға 207 миллион доллар жұмсаған

Өткен жылы отандастарымыз компьютерлік ойындарды сатып алу үшін 200 миллион АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады, деп хабарлайды 24.kz.

Осылайша виртуалды ойындарды ең көп саудалаған елдердің тізімінде Қазақстан 44-ші орынға тұрақтады.

Сарапшылардың мәліметіне қарағанда, еліміздегі 18 миллион адамның 15 миллиондайы интернетке қосылған.

ТМД елдері бойынша көш басында Ресей тұр. Ал әлемде компьютерлік ойынды ең көп саудалаған – қытайлықтар. Олар виртуалды ойындар үшін 34 миллиард АҚШ долларын жаратыпты. Екінші орында – АҚШ. Үштікті Жапония түйіндеді. Жапондар компьютерлік ойындарға 17 миллиард доллар жұмсаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу