Қазақстандық азаматтар коронавирусқа қарсы отандық ғалымдар дайындаған екпені салдырып жатыр. Олардың ішінде саясаттанушы Мақсат Жақау да бар. Оның айтуынша, вакцинаны қабылдауға келген еріктілер өте көп.
Алдымен олар арнайы сайтта анкета толтырған. Кейіннен түрлі анализдер тапсырып, рентген мен ЭКГ түсірген. Денсаулығында ақауы жоқтарға ғана жаңа екпені егеді.
Саясаттанушы бұл ең тәжірибелі қазақстандық ғалымдардың дайындаған жұмысына өз үлесімді қосу дейді және оң нәтиже көрсетеді деген сенімде.
Қазіргі уақытта екпе салдырғандар күніне екі мәрте дәрігердің бақылауында. Толығырақ Atameken Business-те:
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу