Осылайша, абонентке тек телефон нөмірін біле отырып, оның контактісін мессенджерлерден іздемей-ақ қоңырау шалуға болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ол үшін ешқандай қосымшалар қажет емес.
"Voice over Wi-Fi (VoWiFi) технологиясын, яғни дәстүрлі ұялы желілердің орнына Wi-Fi желілері арқылы дауыстық қоңырауларды іске қосу мәселесі пысықталуда. Бұл ұялы байланыс нашар жерлерде (паркингтер) байланыс сапасын жақсартуды қамтамасыз етеді", - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.
Сонымен қатар еліміз бойынша байланыс сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды мониторингілеу үшін "Телекоммуникациялардың цифрлық картасы" іске қосылады.
"Әрбір адам елді мекендердегі байланыс сапасының проблемаларын және оларды жою жоспарларын көре алады, сондай-ақ кез келген орын бойынша өз бағасын бере алады. Сілтеме Министрліктің сайтында орналастырылған", - деді Министр.