Қазақстандықтар күн сайын 3 млн теңгеге ноталар сатып алады

1122

Салынған қаражаттың жалпы көлемі 987,4 млн теңге.

Қазақстандықтар күн сайын 3 млн теңгеге ноталар сатып алады

Қазақстандықтар 10 айда Ұлттық банк ноталарына 987 млн теңгеден астам қаражат салған, деп хабарлайды LS.

Ұлттық банк ақпарына сүйенер болсақ, халық Invest Online жүйесі арқылы күн сайын  3,1 млн теңгеге 32 мың қысқамерзімді нота сатып алады. Салынған қаражаттың жалпы көлемі 987,4 млн теңге.

Ұлттық банк бағдарлама 2018 жылдың 27 наурызында іске қосылды деп отыр. Бағдарлама елдің әр азаматына мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алуға және оны қайтадан реттеушіге сатуға мүмкіндік береді.

"Барлық операциялар тәулік бойына онлайн жүргізіледі. Қандай да бір арнайы білім қажет емес", - деп түсіндірілген хабарламада.

Система Invest Online жүйесі Ұлттық банк ноталарын комиссиясыз сатып алуға болады. Сондай-ақ қаражатты жоғалту тәуекелі жоқ және салынған ақшаны жинағымен кез келген уақытта қайтарып алу мүмкіндігі бар. 

Еске салар болсақ, Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев құнды қағаздар бойынша кірістілік мөлшерлемесі жылдық 8,5% -ды құрайды деген болатын. Сонымен қатар кіріс күн сайын аударылады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу