Alash online петиция сайтында Қазақстан Президентіне үндеу жарияланды, оның авторлары "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының инвесторы Лакшми Миталла мен менеджер Палаватха Кришнанды қылмыстық жауапкершілікке тартуға шақырады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Петиция мәтінінде соңғы 15 жылда АМТ кәсіпорындарында 100-ден астам адам қайтыс болғаны және жыл сайын бұл көрсеткіш тек өсіп келе жатқаны айтылған.
"АрселорМиттал" алықаралық компаниялар тобында әрбір екінші өлім қазақстандық бөлімшеде орын алады", – деп жазылған үндеуде.
Петиция авторлары сонымен қатар АМТ қазақстандық кәсіпорындардан алатын табысқа және менеджер Палават Кришнанға қомақты төлемдерге назар аударды.
"Соңғы бес жылда "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының табысы 1 трлн теңгені құрады. Компания өзінің менеджері Палаватха Кришнан Наир Биджуға 2021 жылға 375,9 млн теңге немесе айына 31,3 млн теңге, күніне 1,01 млн теңге төледі", – деп атап өтті үндеу авторлары.
Петиция авторлары Миттал мен Кришнаннан басқа АМТ кәсіпорындарындағы еңбек жағдайын тексеруі тиіс мемлекеттік қызметкерлерді де жауапкершілікке тартуға шақырады.
Қазіргі уақытта петицияға 100-ден астам адам қол қойып үлгерді.
Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанға қараған түні АМТ-ға қарасты Костенко шахтасындағы жарылыс салдарынан 46 кенші қаза тапты.