ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк қызметін реттеу саясатын жетілдіру жөніндегі консультативтік құжаттың жобасын жариялап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аталған құжатта елдегі ломбард кеңселерінің халық мойнындағы қарыз мөлшерін көбейтудегі рөлі туралы ақпарат берілген. Консультативтік құжатта азаматтарға жеке пайдалануға арналған мүлікті кепілге қою мөлшері де жазылған.
– Ломбардтардың қызметі азаматтарға жеке пайдалануға арналған мүлікті кепілге қою арқылы жеке тұтыну үшін 8 000 АЕК-ке (29,5 млн теңге) дейінгі мөлшерде қысқамерзімді микрокредиттер беру болып отыр. Сонымен қатар, ломбардтар құрамында бағалы металдар мен тастар бар зергерлік бұйымдарды есепке алады, сақтайды және сатады. 01.10.24 жылдағы жағдай бойынша ломбардтардың несие портфелі 0,2 трлн теңге, – деп жазылған құжатта.
Яғни, қазақстандықтардың ломбардтардан 200 млрд теңге жобасында қарыз алғаны белгілі болып отыр.