Қазақстандықтар Лондонда жол жүру тәртібін жиі бұзатын шетелдіктердің ондығына кірді, деп хабарлайды Atameken Business.
Тұманды альбионның ақылы орталығында қазақстандықтар 26 мың 717 мәрте ескерту алып, 3 млн 358 мың фунт стерлинг айыппұл төлеген. Осылайша, еліміздің азаматтары заңға бағынбайтындардың рейтингінде оныншы орында.
Ал көштің басында америкалықтар тұр. Олар 100 мың мәрте ереже бұзып, қыруар қаржыларынан қағылған.
Заңға бағынбайтындардың тізімін жапондықтар, нигериялықтар, үндістер мен ресейліктер, қытайлықтар, немістер, поляктар мен ганалықтар толықтырған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу