Қазақстандықтар медициналық көмекке көп қаржы жұмсайды

1067

Қазақстандықтар медициналық көмекке көп қаржы жұмсайды

Қазақстан тұрғындары медициналық көмекке шектен тыс қаржы жұмсайды. Бұл жағдай ел тұрғындарын кедейлікке алып келуі мүмкін. Бұл туралы міндетті медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Серік Тәңірбергенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстандағы денсаулық сақтауға жұмсалған шығындар ЖІӨ 3,7% құрайды. Бұл өзге қатарлас мемлекеттермен салыстырғанда өте төмен көрсеткіш. Мұндағы жеке шығындардың өзі 41% жетті. Халықаралық нұсқаулық бойынша көрсеткіш 20% аспауы керек. Белгіленген шектен екі есе көп шығындалу қазақстандықтарды кедейлікке алып келуі мүмкін", - деді Серік Тәңірбергенов ҚР денсаулық сақтау министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, жеке шығындардың 30% астамы тегін медициналық көмек көлемінде декларацияланған стационарлық көмектерге жұмсалған.

"Яғни жеке шығындардың 58,4 млрд теңгесі емхана мен оңалту қызметтеріне берілген. Мемлекет тарапынан кепілдендірілген тегін медициналық көмекте стационарлық көмекке көп қаржы бөлінеді. Ондағы медициналық қызметтердің негізгі тұтынушылары - балалар, мүгедектер, қарттар және зейнеткерлер", - деп түсіндірді ол.

Серік Тәңірбергенов медициналық шығындардың көптігіне байланысты биыл Мемлекет тарапынан кепілдендірілген тегін медициналық көмекті талдау, оңтайландыру, нақтылау жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу