Қазақстандықтар микроқаржы ұйымдарына қарызға белшеден батқан

182

Халықтың шамадан тыс несие алуы мәселесін шешу жолдарының бірі – жеке тұлғаларды банкрот деп тануды көздейтін заңның қабылдануы. 

Қазақстандықтар микроқаржы ұйымдарына қарызға белшеден батқан Фото: canva.com

Заңда, қарыз түрі және қарыз сомасына байланысты 3 рәсім қарастырылған. Олардың ішіндегі ең сұранысы көп – соттан тыс банкроттық рәсімі. Бұл туралы ҚР ҚМ МКК төрағаның орынбасары Сеилжан Ахметов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады", – деді спикер.

Яғни банкроттыққа өтініш білдіретіндердің басым көпшілігі – жоғарыда айтылған ұйымдар алдындағы қарызын өтей алмағандар. 

Азаматтар бұл рәсімге өтініштерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында, электронды үкімет порталы (eGov.kz.), сондай-ақ eGov мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Осы мақсатта арнайы жаңа "Қолдау" ақпараттық жүйесі іске қосылды. Жүйе 24 мемлекеттік орган мен ұйымның деректер базасы арқылы өтініш беру және өтініш берушінің кіру критерийлеріне сәйкестігін автоматты түрде тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу