Қазақстандықтар мобильді қосымша арқылы заңгерлік кеңес ала алады

Әділет министрлігі саланы цифрландыру бойынша 7 жобаны іске асыруда. 

Қазақстандықтар мобильді қосымша арқылы заңгерлік кеңес ала алады Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде  өткен брифинг барысында әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков айтты.

"Мәселен, "Е-заң көмегі" жобасы адвокаттардың, заң консультанттарының қызметін автоматтандыруға, олардың процеске қатысушылармен және басқа да мүдделі тараптармен "онлайн" өзара іс-қимыл жүргізуге арналған. Жүйеде қылмыстық сот ісін жүргізудің сотқа дейінгі сатысында мемлекет кепілдік берген заң көмегінің процестері автоматтандырылған, ол үшін Бас прокуратураның "Е-қылмыстық ісімен" тиісті интеграциялар бар.

Қазіргі уақытта 53 мемлекеттік қызметтің ішінен Egov Mobile мобильді қосымшасында 28 мемлекеттік қызмет, 13 сервис және 5 цифрлық құжат қолжетімді. Бірінші тоқсанда бұл жүйені мобильді қосымша арқылы кеңес алуға болатындай етіп жетілдіреміз. Біз авторизация мен қол қоюдың Face ID арқылы болғанын қалаймыз, сондықтан қолдан жасау деген болмайды", - деді спикер. 

Бекболат Молдабековтың айтуынша, азамат белгілі бір адвокатты немесе заң кеңесшісін қалай таңдауға болатынын түсінуі үшін адвокаттардың, заң кеңесшілерінің рейтингі болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу