Қазақстандықтар нан мен жарма өнімдерін аз тұтына бастады

690

Нан өнімдерін ең жоғары тұтыну Түркістан облысында байқалды.

Қазақстандықтар нан мен жарма өнімдерін аз тұтына бастады Фото: Хабар24

2023 жылдың I тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда халықтың азық-түлік тұтынуы бойынша ең көп төмендеу нан мен жарма өнімдері – 5,8%, балық пен теңіз өнімдері  бойынша байқалды – 2,3%.

Керісінше, келесі өнімдерді тұтыну көрсеткіші өскен:  жұмыртқа – 6,6%-ға, жемістер – 2,8%-ға, қант пен кондитерлік өнімдер – 2,6%-ға.

Бұдан бұрынғы кезеңдердегідей үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарында азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстардың ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (16,8%), нан өнімдері мен жарма өнімдеріне (7,9%) тиесілі.

Есепті кезеңде ең аз қамтылған халықтың 10% қамтылған халықтың 10%-мен салыстырғанда көкөністерді, балық және теңіз өнімдерін 4 есе, ет және ет өнімдерін 3,7 есе, сүт және сүт өнімдерін 3,2 есе аз тұтынған.

Ет пен ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында – 22,9 кг (жан басына шаққанда тоқсанына), ең төмені Шымкент қаласында – жан басына 15 кг. 

Нан мен жарма өнімдері бойынша, егер Қазақстанда 1-тоқсанда жан басына шаққанда 30,6 кг тұтынылса, ең жоғары тұтыну Түркістан облысында – 41,1 кг, ең төмен тұтыну Алматы қаласында – 24,3 кг. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу