Қазақстандықтар Наурыз мейрамында неше күн демалады

108

Наурыз мерекесі – әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. 

Қазақстандықтар Наурыз мейрамында неше күн демалады   Фото: Ақорда

Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы тойланып келеді. "Наурыз" сөзі парсы тілінен аударғанда "Жаңа күн" деген мағынаны береді.

Ұлыстың ұлы күнін қазақ жұрты жыл сайын бірнеше күн бойы думандатып атап өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биыл 21 және 22 наурыз сенбі мен жексенбі күндеріне дөп түсті. Осыған байланысты демалыс күндері келесі аптаға ауыстырылады.

  • бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар қатарынан 5 күн демалады: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі);
  • ал алты күндік жұмыс аптасында – 4 күн қатарынан демалыс: 21, 22, 23 және 24 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі).

Айта кетейік, Астанада Наурыз мерекесіне орай 200-ден астам іс-шара өтеді.

Ал мереке қарсаңында қосымша пойыздар қатынаса, әуе компаниялар 160 қосымша рейс орындайтыны хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу