Қазақстандықтар наурызда қандай көліктерді сатып алды?

454

Наурызда сұранысқа ие брендтер арасында биыл алғаш рет Hyundai көш бастады.

Қазақстандықтар наурызда қандай көліктерді сатып алды? Фото: 7kun.kz

Көктемде Қазақстанда көлік саудасы қызып, 13 007 жеңіл автомобиль мен жеңіл коммерциялық техника, 686 жүк көлігі, арнайы техника және автобус сатып алды. Бұл үш ай қорытындысы бойынша ең жақсы нәтиже, деп хабарлайды  inbusiness.kz Қазақстан АвтоБизнес қауымдастығына сілтеме жасап.

Наурызда сұранысқа ие брендтер арасында биыл алғаш рет Hyundai көш бастады. Бір айда 3 757 моделі саудаланған. Екінші орында Chevrolet дилерлері олар. Олар осы айда 3 516 автомобиль кілтін жаңа иесіне тапсырды. Ал үштікті 2 038 моделі өткен Kia түйіндеді.

Қазақстан зауыттары құрастырған көліктерден бөлек Қытай брендтерін жеткізушілер де белсенді болды. Chery төртінші қатардан көрінді – 712. Ал Toyota 590 машина өткізіп, бесінші орынға тұрақтады. Алтыншы орын алған Exeed-тің 506 моделі иесін тапты. Одан кейін тізімде Jac (362), Changan (314), Haval (310) және Lexus (307) тұр.

Модельдер арасында Chevrolet Cobalt көш бастады. Седанның 2 364 данасы өтті. Hyundai Tucson (1 391) да әдеттегідей екінші орын иеленді. Үшінші орын Kia Sportage (1 062) еншісінде. Одан бөлек тізімде Chevrolet Nexia (865), Hyundai Santa Fe (706), Hyundai Sonata (534), Hyundai Elantra (449), Kia Sorento (381), Chery Tiggo 7Pro (348) және Hyundai Accent (268) бар.

Сондай-ақ, биылғы көлік саудасы былтырғы жылмен салыстырғанда 27,8 пайызға жоғары. 2023 жылдың алғашқы тоқсанында 37 283 автомобиль өтті, ал былтыр сол кезеңде 22 370 машина сатылған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу