Ұлттық банктің дерегінше, қаржы-кредит бюросы қазан айында айырбастау орындарындағы нетто-сатылым көлемі 232,8 миллиард теңгеге жеткенін мәлімдеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бір айдың ішінде ақша айырбастау орындары долларды сатып алғаннан гөрі осынша сомаға сатты. Көрсеткіш бір айда 2,2 есе, бір жыл ішінде 36,9 процентке өсіп отыр.
Талдаушылардың айтуынша, нетто-сатылымның күрт ұлғаюына негізгі себеп – теңгенің долларға қатысты нығаюы.
1 қазаннан 1 қарашаға дейін ұлттық валюта 3,4 процентке күшейіп, доллар курсы 530,47 теңгеге дейін төмендеді.
Теңгенің бұл жолы ай басынан нығайып, бүкіл қазан бойы жалғасты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу