Қазақстандықтар Өзбекстанда 30 күн тіркеусіз жүре алады

Хаттама 2022 жылдың 22 желтоқсанында Ташкент қаласында жасалғаны хабарланды. 

Қазақстандықтар Өзбекстанда 30 күн тіркеусіз жүре алады Фото: pixabay.com

Өзбекстан Қазақстан тұрғындары үшін өз аумағына тіркеусіз келу мерзімін 5 күннен 30 күнге дейін ұзартты. Бұл туралы inbusiness.kz сайты жазады.

Мәжіліс 2000 жылғы 7 шілдедегі азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы екі елдің үкіметаралық келісіміне тиісті өзгерістер енгізілген хаттаманы ратификациялады.

Жаңа құжат екі мемлекет азаматтарының бір-бірінің аумағында болуы үшін қолайлы жағдай жасайды және екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды, іскерлік және мәдени алмасуды одан әрі дамытуға септігін тигізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу