Қазақстандықтар пара беруді мәселені шешудің "ыңғайлы тәсілі" санайды

801

Еліміздегі жемқорлық көріністеріне жүргізілген мониторингтің нәтижесі қазақстандықтар пара беруді "мәселені жедел шешудің оңтайлы тәсілі" санағанын көрсеткен.

Қазақстандықтар пара беруді мәселені шешудің "ыңғайлы тәсілі" санайды

Мониторингке қатысқан 9 мың респондент "жемқорлыққа не себеп болады?" деген сауалға оның 30 себебін атап көрсеткен. Сұралғандар емделуге жолдама алу үшін (12,7%-ы), жұмысқа тұру үшін (10,1%), баласын балабақшаға орналастыру үшін (6,1%), жер мәселесін шешу үшін (6,5%), ХҚКО-нан анықтама алу үшін (5,1%), сессиясын "жабу үшін" (4,4%), салық есебін беру үшін (9%) және заң бұзған жауапкершіліктен жалтарған кезде (8,4%)  сыбайластыққа баратынын жасырмаған.

"Респонденттердің жартысынан көбі пара беруді "осылай жасаған ыңғайлы, себебі, мәселеміз тезірек шешіледі" деп түсіндірді. Ал сауалнама қатысушының  8%-дан астамы бұл қадамға "шарасыздықтан барғанын" жеткізді. Осылайша, респонденттер мәселесі оңынан шешілуі үшін "пара беруге дайын" екенін көрсетті", – дейді "Transparency Kazakhstan" ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу