Қазақстандықтар полицияға сене ме?

1637

Ұлттық статистика бюросы тұрғындардың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін зерттеген.

Қазақстандықтар полицияға сене ме?

Сауалға жауап берген қазақстардықтардың 39%-ы полицияға сенетінін, 38%-ы жартылай сенетінін, 6%-ы тәртіп сақшыларына сенуге дайын емес екенін, 3%-ы құқық қорғау органдарына мүлдем сенбейтінін айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, прокуратура халықтың жоғары сеніміне ие болған.

2021 жылғы қаңтар-сәуірде жүргізілген зерттеуде сұрақ қойылғандардың 60,6%-ы өзін толық қауіпсіз сезінгенін айтқан. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда жоғары (57,4%). 

Сондай-ақ өздерін қауіпсіз сезінбеген респонденттердің үлесі шамалы өскен: 0,6%-дан 1,1%-ға дейін.

Сауалға жауап берген ерлердің 63,9%-ы, әйелдердің 57,6%-ы өздерін толық қауіпсіз сезінетінін айтқан.

Өздерін қауіпсіз сезінбеген әйелдер мен ерлердің үлесі ұқсас: 0,9% және 1,2%.

Соңғы 12 айда қылмыс деңгейін бағалау тұрғысынан сұрақ қойылғандардың 40%-ы оның төмендегенін, 34,7%-ы қылмыс сол деңгейде қалғанын, 22,6%-ы жауап беруге қиналатынын, 2,6%-ы қылмыс деңгейі өскенін айтқан. 

Сауалға жауап бергендердің 85,2%-ы полициядан көмек сұраған. 2020 жылғы көрсеткіш 90,6% болған.

Прокуратура органдарына жүгінген респонденттердің үлесі 5,9%-дан 13,2%-ға өскен.

Сұрақ қойылғандардың 0,8% және 0,7%-ы экономикалық тергеу қызметі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен көмек сұраған.

Құқық қорғау органдарының арасында прокуратураға сенім жоғары: сауалға жауап бергендердің 39,5%-ы прокуратура қызметіне сенетінін айтқан. Кейін тізімді полиция (38,7%) және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет (28,8%) тұр.

Сұрақ қойылғандардың тек 22,3%-ы экономикалық тергеу қызметіне сенетінін айтқан.

Респонденттер полиция аса сенім тудырмайды деген пікірде: жауап бергендердің 2,6%-ы тәртіп сақшыларына сенуге болады деген пікірмен мүлдем келіспейтінін жеткізген.

Кейін тізімде прокуратура (1,9%), экономикалық тергеу қызметі (1,4%) және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (1,2%) тұр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу