Қазақстандықтар Ресейде 15 қыркүйекке дейін тіркеусіз жүре алады

684

Айыппұл мен депортация шаралары қолданылмайды.

Қазақстандықтар Ресейде 15 қыркүйекке дейін тіркеусіз жүре алады

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігі Президент Владимир Путин өзінің 2020 жылдың 18 сәуіріндегі "Коронавирустық инфекцияның (COVID-19) одан әрі таралу қаупіне байланысты Ресей Федерациясындағы шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін шешудің уақытша шаралары туралы" №274 Жарлығына өзгерістер енгізгенін мәлім етті.

"Осы құжатқа сәйкес, тіркелудің немесе уақытша тұруға рұқсаттың мерзімі 2020 жылдың 15 наурызынан 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде аяқталса да, Қазақстан азаматтары елде тіркеусіз еркін тұра алады. Осы кезең үшін оларға ешқандай айыппұл мен депортация шаралары қолданылмайды. Алайда, 15 қыркүйектен кейін Ресейде қалғысы келетін Қазақстан азаматтары құқықтық тұрғыдан ресми заңдастыру рәсімдерін орындауы қажет", – деп жазылған еліміздің Ресейдегі елшілігі таратқан хабарламада.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу