Омбыда полицейлер 13 мамырда болған әскери комиссариат ғимаратының өртену фактісін тексеріп жатыр. Бұл ретте тергеу іске қазақстандықтардың қатысы бар деп есептейді, деп жазды inbusiness.kz.
"Белгіленген күні күдіктілер автокөлікпен әскери комиссариат ғимаратына жетіп, ішіне бес "Молотов коктейлін" лақтырған. Ғимаратта өрт шыққанын көрген олар оқиға орнынан кетіп қалды", – деп жазады ресейлік басылымдар.
Өрт тез сөндіріліп, 24 тамызда күдіктілердің бірі ұсталғаны хабарланды. Ұсталған азаматқа қатысты алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам жасаған лаңкестік әрекет бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу