Қазақстандықтар Ресейге Беларусь арқылы кіре алмайды

1077

Сыртқы істер министрлігі  қазақстандықтардың Ресей Федерациясына үшінші елдер арқылы келу ережелеріндегі өзгерістер туралы хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстандықтар Ресейге Беларусь арқылы кіре алмайды

"Құрметті азаматтар, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Беларусь арқылы Ресейге осы елдің ықтияр хаты немесе РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р өкімімен бекітілген тиісті негіздер болған кезде ғана ұшып келе алатынына Сіздердің назарларыңызды қайта аударамыз", – деп жазылған СІМ таратқан хабарламада.

Сыртқы істер министрлігі қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Ресейге Түркия, Швейцария, Египет, Мальдив, БАӘ, Қырғызстан, Корей Республикасы, Куба, Сербия, Жапония, Сейшель аралдары, Эфиопия, Вьетнам, Үндістан, Катар, Финляндия, Әзірбайжан, Армения, Греция, Сингапур, Венесуэла, Германия, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан, Шри-Ланка арқылы ұшып келе алатындығын жеткізді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу