Stopfake.kz басылымы ақпараттың жалған екенін мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Расында адамдар ресейлік "Союз-2.1а" зымыранын көрген болуы мүмкін. Себебі 21 қараша күні Байқоңыр ғарыш айлағынан "Прогресс МС-29" жүк кемесі ұшырылған.
"Байқоңыр ғарыш айлағынан "Прогресс МС-29" жүк кемесі бар "Союз-2.1а" зымыраны ұшырылды. Ол кемені төмен жер орбитасына шығарды. Халықаралық ғарыш станциясына екі күнде жетеді, ХҒС ресейлік сегментінің "Іздеу" модуліне 23 қарашада Мәскеу уақытымен сағат 17:36 қонады деп жоспарланған", – деп хабарлады РИА Новости агенттігі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу