Қазақстандықтар салықтық рақымшылық аясында 5,5 млрд теңге қарызын төледі

710

Салықтық рақымшылық жүргізу мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады. 

Қазақстандықтар салықтық рақымшылық аясында 5,5 млрд теңге қарызын төледі

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметтеріне сүйенсек, салықтық рақымшылық басталған кезде 1,5 млн жеке тұлғаның 26,3 млрд теңге сомасында қарызы болған. Мұндағы негізгі қарыз сомасы 21,8 млрд теңге, ал өсімпұл 4,5 млрд теңгені құраған.  

Биылғы жылдың 6 қарашасындағы жағдай бойынша салықтық рақымшылық мүмкіндіктерін 400 мыңға жуық жеке тұлға пайдаланған. Олар жалпы сомасы 5,5 млрд теңге қарыздарын өтеген. Нәтижесінде 612,2 млн теңге өсімпұлдары есептен шығарылған.

Көлік салығы бойынша өсімпұлдарды есептен шығаруда Алматы қаласы көш бастап тұр. Шаһар тұрғындары 2,3 млн теңге қарызын төлеген. Осылайша 1,6 млн теңгеге жуық өсімпұлдары кешірілді. Ал мүлік салығы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары алдыңғы қатарда.

Салықтық рақымшылық жүргізу мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Бастысы қарыздың негізгі сомасын төлеу керек. Ал өсімпұл бірден есептен шығарылады. Салықтық берешектің бар немесе жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайты арқылы сондай-ақ eSalyq mobile (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.

Салықтық рақымшылық, қарыз, өсімпұл, есептен шығару, Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстандықтар салықтық рақымшылық аясында 5,5 млрд теңге қарызын төледі.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметтеріне сүйенсек, салықтық рақымшылық басталған кезде 1,5 млн жеке тұлғаның 26,3 млрд теңге сомасында қарызы болған. Мұндағы негізгі қарыз сомасы 21,8 млрд теңге, ал өсімпұл 4,5 млрд теңгені құраған.  

Биылғы жылдың 6 қарашасындағы жағдай бойынша салықтық рақымшылық мүмкіндіктерін 400 мыңға жуық жеке тұлға пайдаланған. Олар жалпы сомасы 5,5 млрд теңге қарыздарын өтеген. Нәтижесінде 612,2 млн теңге өсімпұлдары есептен шығарылған.

Көлік салығы бойынша өсімпұлдарды есептен шығаруда Алматы қаласы көш бастап тұр. Шаһар тұрғындары 2,3 млн теңге қарызын төлеген. Осылайша 1,6 млн теңгеге жуық өсімпұлдары кешірілді. Ал мүлік салығы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары алдыңғы қатарда.

Салықтық рақымшылық жүргізу мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Бастысы қарыздың негізгі сомасын төлеу керек. Ал өсімпұл бірден есептен шығарылады. Салықтық берешектің бар немесе жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайты арқылы, сондай-ақ eSalyq mobile (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу