Қазақстандықтар шет елден жылжымайтын мүлікті көптеп сатып ала бастады

1228

Қазақстандықтар шет елден жылжымайтын мүлікті көптеп сатып ала бастады

2017 жылы казақстандықтардың шетелдің жылжымайтын мүлкіне деген сұранысы 20-25 пайызға артты. Бұл туралы Hayat Estate компаниясының сату жөніндегі менеджері Юрий Зуев айтты, деп хабарлайды LS.

Оның айтуынша, отандастарымыздың Болгария, Түркия және Испания елдерінен жылжымайтын мүлік қарастыруға деген қызығушылықтары басым. Юрий Зуев бұл құбылысты теңге девальвациясымен байланысты болуы мүмкін деп есептейді.

"Қазақстандықтар бізге тұрақты хабарласады. Соңғы жылдары сұраныс 20-25 пайызға артты. Клиенттер көшу үшін, демалуға, сонымен қатар жалға беріп ақша табу мақсатында шет елдің жылжымайтын мүлкіне қызығады. Шетелден жылжымайтын мүлік сатып алғысы келетіндердің басым бөлігі Түркияны таңдайды. Себебі Түркияның менталитеті жақынырақ және инвесторларға жақсы табыс табуға мүмкіндік береді. Ал Тайландтан үй алатындар жалға беру арқылы ақша табуға тырысады екен.

Ал Henley & Partners компаниясының директоры  Ирина Симонянның айтуынша, қазақстандықтардың Италия, Ұлыбритания, Испания және Португалияға сұранысы жоғары. Швейцария мен Монако әдеттегідей сұраныс көп түсетін елдер қатарында қала бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу