Қазақстандықтар миллиардтаған қаржысын шетелде ұстап отыр
874
Бүгінде ақшаны шет елдердің банктерінде сақтау немесе шет елдердің кәсібіне салу деген сәнге айналды. Бизнесмендер мен шенеуніктерге еліктеген қатардағы тұрғындар да тапқан-таянғанын шетелге жеткізуге асығатын болды. Адамдардың неліктен қаражатын өз отанындағы банктерде ұстағысы келмейтінін дөп басып айту қиын. Себебі олар ішкі сырларын айтпайды. Елден беземін деген кісінің әрекеті ме екен, кім білсін.
Аса үлкен сомадағы қаржыларын шет елде ұстап отырған жеке тұлғалардың қарасы молайғанын ресми мәліметтен-ақ көруге болады. Миллиардтаған теңгесі бар жеке тұлғалар елімізде аз емес екен.