Қазақстандықтар шетелге 213 млрд теңгедан астам ақша аударған

1052

Сыртқа және елімізге жіберілген қаражаттың жартысынан көбі  Ресей мен Өзбекстанға тиесілі.  

Қазақстандықтар шетелге 213 млрд теңгедан астам ақша аударған

Халықаралық ақша аударым жүйелері бойынша 2019 жылдың қаңтар -қыркүйегі аралығында аударылған жалпы қаражат көлемі 506 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға жоғары. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, аударымдар жүйесінде 2017 жылы жылдық өсім 23,3% болса, 2018 жылы 36,8% көрсеткіші шамасында тұрақтаған. Жалпы аударылған қаржының 94%-ы, яғни, 473,8 млрд теңге шетелге жіберілген. Осы тұста 8,3% өсім байқалады. Шетелге ақша аударғандардың басым бөлігі (83%) – қазақстандықтар.

Ал ел аумағындағы ақша аударымдары 43,5%-ға қысқарып, 32,2 млрд теңгені құрады. Бір жыл бұрын көрсеткіштер 4 есеге жоғары болған.

2019 жылы қаңтар – қыркүйек аралығында шетелден Қазақстанға аударылған қаржы көлемі 2,1%-ға өсіп, 260,8 млрд теңгені құрады.

Шетелге аударылған қаржы көлемі елімізге жіберілгеннен 213 млрд теңгеге жоғары. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 182,1 млрд теңге болатын.

ААЖ бойынша ең үлкен қаржы айналымы Ресейге тиесілі. Мәселен, көрші елге жіберілген сома 152,8 млрд теңгені құраса, ал Ресейден елімізге аударылған қаржы көлемі 102,6 млрд теңге.

Қазақстаннан шетелге аударылған қаржы көлемі бойынша 104,4 млрд теңгемен екінші орында 65,1 млрд теңге көрсеткішімен Өзбекстан,  үшінші сатыда Түркия тұр.

Ал шетелден елімізге аударылған қаржы көлемі бойынша Ресейден кейінгі екінші орында 49,1 млрд теңге көрсеткішімен Оңтүстік Корея тұса, үшінші орында 22,5 млрд теңгемен Өзбекстан жайғасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу