Қазақстандықтар шетелге бір жыл бұрынғымен салыстырғанда көбірек қаражат жіберді

828

 Ал шетелден түскен ақша көлемі өзгеріссіз қалды. 

Қазақстандықтар шетелге бір жыл бұрынғымен салыстырғанда көбірек қаражат жіберді

2021 жылдың қаңтар-қазанында халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы шетелге жөнелтілген қаражат көлемі 834,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,3%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстаннан шетелге жөнелтілген ақша көлемі шетелден алынған сомадан 3,6 есе көп: мысалы, Қазақстанға шетелден 233,4 млрд теңге аударылды – 2020 жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда небәрі 0,6%-ға көп.

Шетелге жіберілген ақшаның жартысынан астамы Өзбекстан (255,4 млрд теңге) мен Түркияға (167,8 млрд теңге) аударылған.  Өзбекстанға аударымдар көлемі 2 есеге жуық, Түркияға 1,5 есе өсті.

Тағы үштен бір бөлігі Ресей (149,2 млрд теңге) мен Қырғызстанға (122,8 млрд теңге) аударылды, бұл ретте Ресейге аударымдар көлемі 13,1%-ға, Қырғызстанға – 10,3%-ға қысқарды.

Ақша аударымдары жүйелері арқылы шетелден түскен қаржы көлемінің жартысы үш елдің үлесіне тиді: Ресей (45,8 млрд теңге), Өзбекстан (39,6 млрд теңге) және Оңтүстік Корея (33,2 млрд теңге).

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу