Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сенат депутаты Геннадий Шиповских әлемде креативті индустрия жан-жақты дамып келе жатқанын баса айтты.
"Біз оның өзгерістерін күннен-күнге байқап жатырмыз. Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында осы креативті индустрияға қатысты бірқатар бірқатар маңызды ойын білдірген болатын. Тіпті Үкімет мүшелеріне бірқатар тапсырма да берген еді. Себебі әлем бойынша креативті индустрияның миллиардтаған доллар табыс айналымының бар екені сөзсіз. Осы ретте біз креативті индустрия саласындағы нарыққа қаншалықты бейімбіз? Мәселен, креативті индустриядан қомақты табыс тауып отырған алпауыт Sony компаниясының өнімдерінің тізімінде тәуелсіз ел бола тұра біздің мемлекет жоқ. Тіпті біздің креативті индустрияның белсенділері еліміздің атынан Sony өнімін ала отыра, аккаунтты да аша алмайды. Мұны қалай түсінуге болады", - деді ол.
Парламенттің жоғарғы палата отырысына қатысқан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбектің сөзінше, технологиялық кәсіптерді елдің барлық азаматына танымал ету мақсатында Astana Hub технопаркі жұмыс істейді.
"Креативті индустрия өкілдерімен бірлесіп, ютуб және басқа да әлеуметтік желілер үшін кең аудиторияға технологиялық кәсіпкерлікті дамытудың маңызын айта отырып, түрлі бейнежобалар құратын медиажобалар жүзеге асырылып келеді. Sony корпорациясы бізге берген ақпаратында Ресей азаматтарына отандық банктерде есептерді жеңіл ашу мүмкіндігі болғандықтан, Орталық Азияда Sony корпорациясының Sony PlayStation аккаунтарын ашу жоспарда жоқ екенін айтты", - деді вице-министр.