27 маусым күні Венгрияның Дьор қаласында спорттық гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Аталған сынға Қазақстан командасы да қатысуда деп хабарлайды Olympic.kz.
Ұлдар арасындағы көпсайыста Олег Чубенко 50-ші, Әлішер Тойбазаров 94-ші, Николай Макиев 99-шы орыннан көрінген.
Жарысқа 34 мемлекеттен 118 спортшы қатысып жатыр.
Ал қыздар арасынан Дарья Ясинская 79-шы, Александра Шаметько 80-ші, Медина Кененбай 90-шы орын алды. Дарья Ясинская қол тіреп секіруден 13-ші нәтиже көрсетті.
Қыздар арасындағы бәсекеге 29 елден 108 спортшы қатысуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу